Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

 

2025 жылғы 26 қазанда Қызылорда қалалық мәслихатының №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде болатын мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссиясы мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына ұсынылған 3 кандидатты тіркеді.

1 кандидат «ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 104-бабы 6-1 тармағының 3-тармақшасына сәйкес тіркеуге қажетті құжаттарды толық ұсынбағандықтан тіркеуден бас тартылды.

Осылайша, мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.

Тіркелген 3 кандидаттың 1-і саяси партиядан, 2-і өзін-өзі ұсынған. Кандидаттардың барлығы ер адам.

1 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партиясының мүшесі болып табылады, 2 кандидат партия қатарында жоқ.

Орташа жас – 41.

Барлық кандидат жоғары білімді.

Кандидаттардың 1-еуі бюджеттік мекемеде, 2-еуі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 25 қазан 00.00 сағатқа дейін созылады.

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 октября 2025