Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Абизов Дильмухамед Мнуарбековичтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындауы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 20-бабы, 3- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Абизов Дильмухамед Мнуарбековичтің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі өтініші негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Абизов Дильмухамед Мнуарбековичтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Абизов Дильмухамед Мнуарбековичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қызылорда қалалық мәслихатына жолдансын.
3. Осы қаулы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Г.Баймурзаев
Қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы К.Насибеков
30.09.2025 ж. №57/94 қаулысы