Қызылорда қаласы бойынша № 21 округтік сайлау комиссиясының хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104 бабының 6-1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қызылорда қаласы бойынша № 21 округтік сайлау комиссиясының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі хаттамалық шешімі негізінде № 21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына Байтурсынов Алмас Нурланович және Маштаев Абдибакир Ибрагимовичті кандидаттар ретінде тіркелді.
Байтурсынов Алмас Нурланович – 1991 жылы туған, ұлты қазақ, А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің директоры, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған;
Маштаев Абдибакир Ибрагимович – 1968 жылы туған, ұлты қазақ, «Қызылорда Автобус паркі» ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.