Қызылорда қаласындағы №21 округ бойынша шығып қалған мәслихат депутатының сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындысы мен тіркеу барысы туралы
2025 жылғы 25 қыркүйекте Қызылорда қаласындағы №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша болатын мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында барлығы 5 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 2 - еуі саяси партиядан, 3 - еуі өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Ұсынылған кандидаттардың барлығы ер адам.
2 - кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 3–уі партиялық емес.
Орташа жас - 43 жасты құрайды.
Кандидаттардың барлығы жоғары білімді.
Кандидаттардың 2-еуі бюджеттік мекемелерде, 3-еуі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
1 кандидат өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйекте сағат 18:00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол а.ж. 25 қазан күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.