2025 жылғы 23 қыркүйек сағат 18:00-ге баспасөз хабары

2025 жылғы 23 қыркүйек сағат 18:00-ге баспасөз хабары

 

2025 жылғы 23 қыркүйек сағат 18.00-де Қызылорда қаласы бойынша №21 округтік сайлау комиссиясының отырысы өтеді. Онда мына мәселелер қаралатын болады:

  • № 21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына кандидат Маштаев Абдибакир Ибрагимовичтің сәйкестігін анықтау туралы;
  • № 21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына кандидат Елшекенов Жансұлтан Бекназарұлының өтінішін қарау туралы.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентi, З. Шүкiров көшесi, № 8.

Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 23 қыркүйек сағат 17.30 дейін.

 

№ 21 округтік сайлау комиссиясы

Байланыс телефоны: 8(708)980-49-26

 

Дата публикации
23 сентября 2025