2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Қызылорды қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша сайлау округі, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы хабар

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Қызылорды қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша сайлау округі, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 22-бабына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы Қызылорда қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша №21 бірмандаттық сайлау округінің шекарасы мен орналасқан жерін көрсете отырып жариялайды:

№21 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қызылорда қ., Тасбөгет к., Шүкіров көшесі №1, «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейі» КММ ғимараты, телефон 87089804926.

Шекаралары: А. Иманов көшесінен бастап Қызылжарма каналының бойымен солтүстік шығысқа қарай Т. Жүнісов көшесіне дейін. Т. Жүнісов көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай А. Құнанбаев көшесіне дейін. А. Құнанбаев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Сейітпенбетов көшесіне дейін. Сейітпенбетов көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Н. Өткелбаев көшесіне дейін. Н. Өткелбаев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Ш. Есенов көшесіне дейін. Ш. Есенов көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай М. Шоқай көшесіне дейін. М. Шоқай көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай А. Иманов көшесіне дейін. А. Иманов көшесінің бойымен Қызылжарма каналына дейін. «Обоводнитель», «Сантехник», «Рахат», «СПМК-52», «СПМК-66», «Иіркөл» саяжайларымен қоса.

Кіретін сайлау учаскелері: Қызылорда қаласының №225, №226, №237, №373.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 сентября 2025