«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 2-тармағына сәйкес және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 тамыздағы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы туралы хаттамасының негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі болып сайланған кандидат Е.А.Ахетовтың және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 6,58 пайызын жинаған кандидат Ө.С.Шалболдың, 13,56 пайызын жинаған кандидат Е.П.Шуменовтың сайлау жарнасы қайтарылсын.
- Осы шешімнің орындалуы Қызылорда қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы бас есепші Б.Идирисоваға (келісім бойынша) жүктелсін.
- Осы шешім Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын және Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауына қатысқан кандидаттардың назарына жеткізілсін.
Төраға Г.Баймурзаев
Хатшы К.Насибеков
02.09.2025 ж. шешім №12