2025 жылғы 31 тамызда Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 1390 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1031 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
Ахетов Еркин Абдрайханович үшін сайлаушылардың 804 дауысы берілді.
Шалбол Өркен Санатұлы үшін сайлаушылардың 67 дауысы берілді.
Шуменов Ербол Пранович үшін сайлаушылардың 138 дауысы берілді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 9.
Сайлау қорытындыларымен Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі болып Ахетов Еркин Абдрайханович сайланды, 1973 жылы туған, Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, Қарауылтөбе ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы