Қызылорда қаласы бойынша №21 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайлағанға дейін Қызылорда қаласы бойынша №21 округтік сайлау комиссиясына Қуандық Ақгүл Дәуренбекқызы, Сарыбаева Меруерт Әлиханқызы, Танканманова Алтынай Жеңісбекқызы тағайындалсын.
  2. Осы қаулы Қызылорда қалалық мәслихатына және №21 округтік сайлау комиссиясына жолдансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

Қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы                                       Г. Баймурзаев

 

Қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы                                       К. Насибеков

 

 

 

12.08.2025 ж. №78 қаулысы

 

 

Дата публикации
12 августа 2025