№21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1 тармағы 4) тармақшасына, 3-1 тармағы және 6-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қаласының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған, Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3. Осы қаулы қалалық «Ақмешіт ақшамы» газетінде жариялансын және Қызылорда қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

Төраға Г. Баймурзаев

Хатшы К. Насибеков

 

№79 қаулы 2025 жылғы 27 тамыздағы

 

 

Дата публикации
27 августа 2025