«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағы негізінде, №232 учаскелік сайлау комиссиясының ұсынысына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылдық округі, А. Иманов көшесі құрылыс № 1А көшесі, «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «А. Хангелдин атындағы №179 орта мектебі» КММ орналасқан №232 сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 06:00-де басталып 20:00-де аяқталсын.
- Дауыс беруді бастау уақытының өзгергені туралы сайлаушылардың назарына жеткізілсін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Шешім көшірмесі Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына жолдансын.
- Осы шешім Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Г. Баймурзаев
Қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы К. Насибеков
18.08.2025 ж. №10 шешімі