Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 2524 қаулысы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 тамыздағы

№ 2524 қаулысы

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 01/3052 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иелерінен Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесінде орналасқан жалпы көлемі 2081,6 (екі мың сексен бір бүтін оннан алты) шаршы метр жер учаскелерін Арай-Шұғыла шағын ауданына өтетін қолданыстағы көше-жол желісі үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 20 қараша болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қала әкімінің

міндетін  атқарушы                                                                              Д. Тұрсынбаев

Дата публикации
20 августа 2025