Қарауылтөбе ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылған.
Ағымдағы жылдың 10 тамыз күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді, 1 «AMANAT» партиясынан, 2- еуі өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылғандар.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.
Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына 3 кандидаттың құжаттары жолданды.
Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетендеріне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар жергілікті баспасөз БАҚ–нда және сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған.
Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.
КАНДИДАТТАР:
Ахетов Еркин Абдрайханович – 1973 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, Қарауылтөбе ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы ұсынған;
Шалбол Өркен Санатұлы – 1991 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған;
Шуменов Ербол Пранович – 1980 жылы туған, ұлты қазақ, Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының «Қарауылтөбе ауылдық клубы» МКҚК директоры, Қарауылтөбе ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы