«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 7 тамыздағы шешімімен 2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған сайлауда Қарауылтөбе ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді.
Шалбол Өркен Санатұлы – 1991 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы