Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Қарауылтөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 6 тамыздағы шешімімен 2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған сайлауда Қарауылтөбе ауылдық округі әкіміне төмендегі азаматтар кандидаттар болып тіркелді.

Ахетов Еркин Абдрайханович – 1973 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, Қарауылтөбе ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы ұсынған;

Шуменов Ербол Пранович – 1980 жылы туған, ұлты қазақ, Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының «Қарауылтөбе ауылдық клубы» МКҚК директоры, Қарауылтөбе ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 августа 2025