2025 жылғы 04 тамызда Қызылорда қалалық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлау бойынша «AMANAT» партиясынан Ахетов Еркин Абдрайхановичтің және өзін-өзі ұсыну тәртібімен Шалбол Өркен Санатұлының кандидат болып түсу туралы құжаттары тапсырылды.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлау бойынша кандидаттың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 24 шілдеден бастап 5 тамыз (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы