Ақпараттық хабарлама

2025 жылғы 29 шілдеде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттар тапсырылды:

Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Шуменов Ербол Пранович.

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлау бойынша кандидаттың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 24 шілдеден бастап 5 тамыз (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 июля 2025