«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 шілдедегі №39/70 қаулысымен өкілеттік мерзімі аяқталған Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімін сайлау 2025 жылдың 31 тамызына тағайындалды.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 шілдедегі №39/70 қаулысымен бекітілген Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 24 шілдесінде басталады және 2025 жылдың 5 тамызында сағат 18-00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2025 жылдың 24 шілдесінде басталады және 2025 жылдың 10 тамызында сағат 18-00-де аяқталады.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:
120014, Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, №21, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдары» МКҚК ғимараты; байланыс телефоны: 27-37-20, электронды поштасы: tic_kzl@saylau.kz
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының құрамы:
Баймурзаев Галым Конакбаевич – комиссия төрағасы, Муханова Алия Муханбеткалиевна – төраға орынбасары, Насибеков Кенес Эрдибекович – комиссия хатшысы, комиссия мүшелері: Куракбаева Кенжегуль Куракбаевна, Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевна, Мүсілімов Жәнібек Исабекұлы, Ыдырысова Мөлдір Сәкенқызы.
Қалалық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-19.00, түскі үзіліс: 13.00-15.00
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы