2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

  1. 1. Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    2025 жылғы 23 шілде                                                                          (113-1-б.1-т. 1), 2) тт.)

     

    2. Аумақтық сайлау округінің шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

    2025 жылғы 2 тамыздан кешіктірмей

    (22-б. 2-т.)

     

    3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

    2025 жылғы 2 тамыздан кешіктірмей

    (13-б. 4-т.)

     

    4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау 

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

    2025 жылғы 7 тамыздан кешіктірмей

    (17-б. 2-т.)

     

    5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

     

    Қызылорда қаласының әкімдігі

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

    2025 жылғы 7 тамыздан кешіктірмей

    (23-б. 5-т.)

     

    6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну

     

    Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

    Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

    2025 жылғы 24 шілдеде басталады және 5 тамызда сағат 18.00-де аяқталады

    (113-3-б.)

     

    7. Әкімге болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    (4-б., 113-2-б.)

     

    8. Әкімге болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

    (14-б. 8-1) т., 31-б.)

     

    9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

    (113-4-б.)

     

    10. Кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып

    Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

    (113-4-б. 8-т.,9-т.)

     

    11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

     

    Кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5-б. 2-т.)

     

    12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

     

    Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5-б. 3-т.)

     

    13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

     

    Мемлекеттік кірістер органдары

    Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

    (113-5-б. 3-т.)

     

    14. Кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

    Тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және            2025 жылғы 10 тамызда сағат 18.00-де аяқталады

    (113-5-б.)

     

    15. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

     (113-5-б. 9-т.)

    16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

     

    Жергiлiктi атқарушы орган және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Үгіт басталғанға дейін

    (28-б. 6-т.)

     

    17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

     

    Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

    2025 жылғы 10 тамызда сағат 18.00-ден кейін басталады және 30 тамыз сағат 00.00-де аяқталады

    (27-б. 2-т.)

     

    18. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

     

    Жергiлiктi атқарушы орган және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

     (28-б. 4-т.)

     

    19. Сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

     

    Қызылорда қаласының әкімі

    Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

    2025 жылғы 10 тамыз

    (24-б. 5-т.)

     

    20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

     

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

    2025 жылғы 15 тамыздан бастап

    (26-б. 1-т.)

     

    21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

     

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

    2025  жылғы 20 тамыздан кешіктірмей

    (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

     

    22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

    2025  жылғы 28 тамыздан ерте емес және 30 тамыздан кеш емес

    (37-б. 3-т.)

     

    23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

     

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

    Сағат 06:00-де

    (40-б. 1-т.)

     

     

     

     

     

    24. Дауыс беруді өткізу

     

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

     (38-б. 1-т.)

     

    25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау                                  

     

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Сағат 20:00-де басталады

     (18-б. 8) т., 43-б.)

     

    26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

     

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (43-б. 8-т.)

     

    27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

     

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  –дереу

    (113-8-б. 1-т.)

     

    28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

    2025 жылғы 3 қыркүйектен кешіктірмей

    (113-10-б.)

     

    29. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

    2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей

    (44-б.)

     

    30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

     

    Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

    Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

    2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей

    (45-б., 46-б. 3-т. 2) т., 113-11-б. 1-т)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
23 июля 2025