2025 жылғы 6 айдағы медициналық статистика

2025 жылдың 2-тоқсанында 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2,4-ті құрап, 1960 жағдайды құрады (2024 жылдың 2-тоқсанында – 1952 жағдай, 2,4). Өлім-жітім көрсеткіші –0,41%-ға артты.
Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 2025 жылдың 1-тоқсанында 8,83%-ға төмендеп, 42,6-ны құрады – 351 жағдай (2024 жылдың 2-тоқсанында – 46,8 – 385 жағдай).
Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 2025 жылдың 2-тоқсанында 10,61%-ға төмендеп, 21,5-ті құрады – 177 жағдай (2024 жылдың 2-тоқсанында – 24,1 – 198 жағдай).
Онкологиялық аурулармен өмір сүріп жатқан және 5 жылдан астам өмір сүрген науқастардың үлесі 49,4%-ды құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,40%-ға төмен (50,1%).
2025 жылдың 2-тоқсанында туберкулезбен сырқаттанушылық 25,5-ті құрап, 210 жағдай тіркелді, бұл 2024 жылдың 2-тоқсанымен салыстырғанда 5,83%-ға төмен (27,1 – 223 жағдай).
Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 2025 жылдың 2-тоқсанында 0,4-ті құрап, 3 жағдай тіркеліп, өткен жыл деңгейінде қалды (2024 жылдың 1-тоқсанында – 0,4 – 3 жағдай).

Дата публикации
16 июля 2025