Қызылорда қаласының Орталық және әкімшілік аймақ.ЖД вокзал аумағы – 1 лот, «Акмешіт және Мерей м/а» аудандары – 2 лот, «ДЭУ» ауданы – 3 лот, «Тасбөгет, Жаңақала» аудандары – 4 лот, «Шұғыла, СПМК Саулет,Саяхат.Автовокзал» аудандары – 5 лот «Сол жағалау» ауданы – 6 лот, «Арай м/а.СПМК» аудандары – 7 лот, , «КБИ» ауданы – 8 лот бойынша тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс жариялау,03.07.2025ж.

«Қызылорда қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы»  Қызылорда қаласының Орталық және әкімшілік аймақ.ЖД вокзал аумағы – 1 лот, «Акмешіт және Мерей м/а» аудандары – 2 лот, «ДЭУ» ауданы – 3 лот, «Тасбөгет, Жаңақала» аудандары – 4 лот, «Шұғыла, СПМК Саулет,Саяхат.Автовокзал» аудандары – 5 лот «Сол жағалау» ауданы – 6 лот, «Арай м/а.СПМК» аудандары – 7 лот, , «КБИ» ауданы – 8 лот  бойынша тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурсты жариялайды.

 

Ұйымдастырушы:

« Қызылорда  қаласының   тұрғын       үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

Орналасқан жері:

Қызылорда қаласы қаласы, Жахаев көшесі , 16

Байланыс телефоны:

8 (7242)26-42-29 ,komhoz_kzl@mail.ru


Өтінімдерді берудің басталу күні:

Бактияров Дархан Пралиевич – «Қызылорда қаласының тұрғын  үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің » басшы м.а

Өтінімдерді қабылдау мекенжайы:

Қазақстан Республикасы 120000, Қызылорда қ.,Жахаев көшесі №16, №109 кабинет

Өтінімдерді беру мерзімі:

2025 жылғы «4» шілдеден 2025 жылғы «4» тамызға дейін

Жұмыс кестесі:

дүйсенбі-жұма 9: 00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін

Өтінімдерді берудің басталу күні:

2025 жылғы «4» шілде

Өтінімдерді берудің аяқталу күні:

2024 жылғы «4» тамыз, сағат 09.00

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын атап өтеміз

Өтінімдер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінен (дара кәсіпкерлерден немесе заңды тұлғалардан) қабылданады.

Әлеуетті қатысушы конкурсқа қатысуға өтінімді конвертте мөрлейді, оның бет жағында әлеуетті қатысушының толық атауы және пошталық мекенжайы (егер ол «кеш» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашылмаған түрде қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурстың атауы, «_______» ауданы, №___ лот, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «Қызылорда қаласының «______» ауданының аумағынанан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс» және «2025 жылғы 4 тамыз сағат 11.00-ге дейін ашпаңыз», көрсетілуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурсты ұйымдастырушыға «04» тамыз айының сағат 09.00-ге дейін қосқанда, қолма-қол немесе мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы 120000,Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі №16, №109 кабинет, конкурстық комиссияның хатшысы Бактияров Дархан Пралиевич, тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми сайтынан жүктеуге боладыhttps: www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo?lang=kk («Құжаттар» бөлімі) немесе Қазақстан Республикасы 120000, Қызылорда қ. Жахаев көшесі №16, №109 кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол алуға болады (өзімен бірге флэш-жинақтағыш болуы керек).

 

Дата публикации
03 июля 2025