Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 2215 қаулысы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 маусымдағы

№ 2215 қаулысы

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 01-03/663 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иесі Садуакасова Гульназ Жаксылыковнаның жеке меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Қожа Ахмет Яссауи көшесі, № 4 үй мекенжайында орналасқан жалпы көлемі 1280,0 (бір мың екі жүз сексен) шаршы метр жанар – жағар май құю стансасы үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-006-051) жер учаскесінен қажетті көлемі 295,0 (екі жүз тоқсан бес) шаршы метр бөлігін жол құрылысын жүргізуге мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 2 қазан болып белгіленсін.
  3. Жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қызылорда қаласының

              әкімі                                                                  Н. Ахатов

 

Дата публикации
01 июля 2025