ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ №1

Қызылорда қалалық мәслихатының әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ №1

Өткізілген орны: Қызылорда қаласы , қалалық мәслихатының мәжіліс Залы.

Өткізілген уақыты: 2025 жыл, 26 мамыр, сағат 10:00

Төрағалық еткен: Қалалық мәслихаттың әлеу­меттік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөнін­дегі тұрақты комиссияның төрағасы М.Әбдіқалықов

Қатысқандар: (тізім бойынша).

КҮН ТӘРТІБІ:

2025 жылға арналған Жол картасында өзгертуді қажет ететін көшелерді «Тарихи тұлғалар», «Жер-су» атауларымен атау, Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай Қызылорда қаласы бойынша қолдау тапқан ұсыныстар бойынша қалалық әкімдік жанындағы ономастикалық жұмысшы тобының қорытындысына келісім беру туралы

Хабарламашы: Ж. Тажмаханов – Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

ТЫҢДАЛДЫ:

Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж. Тажмахановтың хабарламасы

(хабарлама қоса тігілді)

Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж. Тажмахановтың «2025 жылға арналған Жол картасында өзгертуді қажет ететін көшелерді «Тарихи тұлғалар», «Жер-су» атауларымен атау, Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай Қызылорда қаласы бойынша қолдау тапқан ұсыныстар бойынша қалалық әкімдік жанындағы ономастикалық жұмысшы тобының қорытындысына келісім беру туралы хабарламасы назарға алынсын.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес қаралып, ескерілсін.

1.1 Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктерін қайта атау және атау беру бойынша Қызыл­орда қаласындағы келесі көшелер ұсынылсын:  

1) «Төле би – 1» тұйық көшесі – «Алтынбек Сейдахметов» есімімен қайта атау;

2) «Бәйтерек» шағын ауданындағы атаусыз көшесі – «Қайым Мұхамедханов (Ғабдулқайым)» есімімен;

3) Сол жағалаудағы Абылай хан даңғылы бойындағы айналма жолдан бастау алып «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қарай түйісетін атаусыз көшесі – «Сейілбек Шаухаманов» есімімен;

4) «Бәйтерек» шағын ауданындағы атаусыз көшесі – «Серікбол Қондыбай» есімімен;

5) Сол жағалаудағы Тәуелсіздік даңғылына паралелль жатқан (Эдельвейс саяжайынан Абылай хан көшесіне тіреледі) көшесі – «Нұртас Оңдасынов» есімімен;

6) Сол жағалаудағы атаусыз көше – «Сұлтанбек Қожанов» есімімен

1.2 Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы шартты атаумен аталатын келесі көшелерге республикалық ономастикалық комиссиясымен бекітілген «Жер-су» атауларымен атау ұсынылсын:

Арай-Шұғыла-1 – «Теріскен» атауымен;

Арай-Шұғыла-2 – «Айнакөл» атауымен;

Арай-Шұғыла-3 – «Қарғалы» атауымен;

Арай-Шұғыла-4 – «Тораңғыл» атауымен;   

Арай-Шұғыла-5 –«Бозарал» атауымен;       

Арай-Шұғыла-6 – «Кендірлі» атауымен;

Арай-Шұғыла-7 – «Көлтоған».атауымен;

1.3. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қызылорда қаласы бойынша қолдау тапқан келесі ұсыныстар:

  1. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Рақымжан Қошқарбаев» есімімен;
  2. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Хамит Калиев» есімімен;
  3. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Махамбет Тәшімов» есімімен;
  4. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Секенбай Тұрбаев» есімімен;
  5. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Әбілхақ Дәуітов» есімімен;
  6. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Шайхы Бейсембаев» есімімен;
  7. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Елеусін Қайназаров» есімімен;
  8. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Үдербай Баймаханов» есімімен;
  9. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Қазтай Кенжеғараев» есімімен;
  10. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Жаутбек Мусаев» есімімен;
  11. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Пірімжан Қасымов» есімімен;
  12. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Әбдіраш Іскендіров» есімімен;
  13. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Мұсылманбек Мәжитов» есімімен;
  14. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Жылқайдар Қоянбаев» есімімен;
  15. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Қартай Қуанбаев» есімімен;
  16. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Төлеген Оспанов» есімімен;
  17. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Ғабден Габсаттаров» есімімен;
  18. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Нұрділда Байманов» есімімен;
  19. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Жұман Тұяқбаев» есімімен;
  20. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Ибрагим Нұрымбетов» есімімен;
  21. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Әлімбай Әлиасқаров» есімімен;
  22. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Үсейін Ысқақов» есімімен;
  23. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Молдағали Сариев» есімімен;
  24. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Қартанбай Замединов» есімімен;
  25. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Кеңесбай Қалиев» есімімен;
  26. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Темірбай Дүйсенов» есімімен;
  27. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Тоқжан Әділов» есімімен;
  28. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Сағындық Сейтпенбетов» есімімен;
  29. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Оразов Тәнеш» есімімен;
  30. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Ағайынды Әбілдаевтар» есімімен;
  31. Бәйтерек ш/а атауы жоқ көше – «Тажмахан Қойшыбаев» есімімен аталсын.
  32. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына осы хаттама және ұсыныс жолдансын.
  33. Осы хаттама 7 (жеті) жұмыс күн ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Ж. Тажмаханов):

Осы хаттамадан туындайтын тиісті жұмыстар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;

Осы хаттамадан туындаған тиісті жұмыстар мен шаралар орындалғасын Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсынсын.

Қаралған мәселелер бойынша хаттаманың жобасы дауысқа салынып, толығымен қабылданды.

Комиссия төрағасы:                                                       М. Әбдіқалықов

 

 

Дата публикации
28 мая 2025