Қала әкімдігінің 2025 жылғы 05 мамырдағы № 1886 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 03-01/275 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы «Талас» өндірістік кооперативінің жеке меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Амангелді Иманов көшесі, №12 үй мекенжайында орналасқан көлемі 4789,0 (төрт мың жеті жүз сексен тоғыз) шаршы метр кеңсе және өндірістік база құрылысы үшін (кадастрлық нөмірі
    10-156-043-346) жер учаскесінен қажетті көлемі 2603,0 (екі мың алты жүз үш) шаршы метр бөлігін Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентіндегі емхана құрылысын кеңейту үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 8 тамыз болып белгіленсін.
  3. Жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қызылорда қаласының

              әкімі                                                                  Н. Ахатов

Дата публикации
06 мая 2025