Қала әкімдігінің 2025 жылғы 05 мамырдағы № 1885 қаулысы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы

№ 1885 қаулысы

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 01-1/474 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы «KazStroyProekt» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке меншік құқығымен табысталған, Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, Ж. Маханбетов ауылы, Қаратабан өңірі, № 101 учаске мекенжайында орналасқан көлемі 5,0 (бес) гектар өзіндік кәсіпкерлікке негізделген шаруа қожалығын жүргізу үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-083-2160) жер учаскесінен қажетті көлемі 1,26 (бір бүтін жүзден жиырма алты) гектар бөлігін «Қызылорда қаласының Сол жағалауын сумен қамтамасыз ету үшін Тораңғылдысай жер асты сулары кен орнынан су алу бастоғанын және сорғы сүзу станциясын салу құрылысы» жобасы бойынша ауыз су қоймасы құрылысы үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 8 тамыз болып белгіленсін.
  3. Жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қызылорда қаласының

              әкімі                                                                  Н. Ахатов

Дата публикации
06 мая 2025