«2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы №223-32/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 223-32/1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және
3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 75 076 635,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 15 469 683,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 503 633,5 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 402 016,0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 49 701 303,0 мың теңге;

2) шығындар – 73 084 197,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -916 165,5 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 275 240,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 191 405,5 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 192,7 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 192,7 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 2 908 411,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –                      -2 908 411,3 мың теңге;

қарыздар түсімі – 275 240,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 10 084 352,5 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- 6 900 701,2 мың теңге.

Мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Жергілікті атқарушы органының резерві 109 657,4 мың теңге сомасында бекітілсін.».

  1. Аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

Қызылорда қалалық

мәслихатының төрағасы                                                              И. Құттықожаев

                                                                                   

Дата публикации
05 мая 2025