Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 01-01/786 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меншік иесі Жүсіп Мақсат Өмірбекұлының жеке меншік құқығындағы, Қызылорда қаласы, Сол жағалау шағын ауданы, 4 квартал, №2 учаске мекенжайында орналасқан көлемі 2600,0 (екі мың алты жүз) шаршы метр ғимаратқа қызмет көрсету үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-086-486) жер учаскесін Қызылорда қаласының Сол жағалауын жылумен қамтамасыз ету мақсатында автономды блокты модульді қазандық салу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 23 шілде болып белгіленсін.
- Жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының
әкімі Н. Ахатов