Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі №1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №374 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласының Бас жоспарында және Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы №148 қаулысымен бекітілген «Қызылорда-Жезқазған трассасы бойындағы жалпы көлемі 980 аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» жобасына Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы №586 қаулысы және де Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы №01/6721 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меншік иелерінен және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан Қызылорда қаласы, Қызылорда-Жезқазған бағыты, Қызылжарма каналының жағалауы (800 бас өңірі) мекенжайындағы жалпы көлемі 10,0 (он) гектар жер учаскелері тұрғын аумақта орналасуына байланысты осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылғы 16 қазан болып белгіленсін.
- Меншік иелері жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
- Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының
әкімі С. Қожаниязов