Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
6 маусымдағы № 374 қаулысына сәйкес, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 01-1/1218 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меншік иесі «Дәнекер құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы,
№ 65 үй мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үй құрылысы үшін көлемі
512,0 (бес жүз он екі) шаршы метр кадастрлық нөмірі
10-156-086-379 жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті
инженерлік - коммуникациялық желілермен қабаттасуына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2023 жылғы 29 наурыз болып белгіленсін.
- Меншік иелері мен мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Мұстафа Шоқай көшесі, № 147 үй, № 21 кабинет болып белгіленсін.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» және «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының
әкімі А. Шаменов