Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы
27 наурыздағы №01/1546 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мемлекеттік емес жер пайдаланушы «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы мекенжайындағы антенна-діңгек құрылысы үшін көлемі
100,0 (бір жүз) шаршы метр кадастрлық нөмірі 10-156-086-357 жер учаскесін Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №4 тұрғын кварталындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету мақсатында 219 диаметрлік жер асты жылу желісі жүргізілуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылғы 3 қараша болып белгіленсін.
- Мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, №43 ғимарат, №13 кабинет болып белгіленсін.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік емес жер пайдаланушыны ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
- Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Қожаниязов