Қызылорда қаласының 2024 жылғы 22 қазандағы №555 қаулысы

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы
27 қыркүйектегі №05-07/2050 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан Қызылорда қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 24 060,0 (жиырма төрт мың алпыс) шаршы метр жер учаскелерін немесе жылжымайтын мүліктерді Қызылорда қаласында 240 МВт көлемінде электр қуатының дайындығын сақтау бойынша қызмет көрсету көлемімен жылу энергиясын шығаратын құрамдастырылған станция құрылысының жобасын жүзеге асыру мақсатында осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 24 қаңтары болып белгіленсін.
  3. Мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік  емес   жер пайдаланушыларды ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда қаласының

                  әкімі                                                                      Н. Ахатов

 

 

 

 

Дата публикации
23 октября 2024