Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №412 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 28 қарашадағы №08-01/1032 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мемлекеттік емес жер пайдаланушы «Өгем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Шахмардан Есенов көшесі, нөмірсіз  мекенжайындағы аяқ-киім жөндеу шеберханасы үшін көлемі
    96,0 (тоқсан алты) шаршы метр кадастрлық нөмірі 10-156-043-1464 жер учаскесін квартал аралық жол түсуіне  байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылғы 2 шілде болып белгіленсін.
  3. Мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, №43 ғимарат, №13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік емес жер пайдаланушыны ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                 Қала әкімі                                                              С. Қожаниязов

 

 

Дата публикации
03 апреля 2024