Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №411 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты  жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 12 ақпандағы №03-01/98 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік иесі Назтаев Табиғат Жеңісбекұлының Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Мұстафа Шоқай көшесі, №164 А үй  мекенжайындағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін көлемі 700,0 (жеті жүз) шаршы метр кадастрлық нөмірі 10-156-045-3200 жер учаскесінің астынан ауыз су құбырының жүргізілуіне  байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылғы 2 шілде болып белгіленсін.

3. Жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, №43 ғимарат, №13 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі меншік иесін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің жетекшілік

ететін орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Қызылорда қаласының   
                         әкімі                                                                С. Қожаниязов

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2024