Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 18 шілдедегі №1197 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
6 маусымдағы № 374 қаулысына сәйкес, сондай ақ, «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 04-9/4 және 2024 жылғы 
20 мамырддағы №04-7/667 хаттарын  қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Азамат Сайлау Ержан Бауыржанұлының Қызылорда қаласы, Жанқожа батыр көшесі, №68-4 үй мекенжайындағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін көлемі 527,90 (бес жүз жиырма жеті бүтін жүзден тоқсан) шаршы метр (кадастрлық нөмірі 10-156-008-894) жер учаскесін темір жол арқылы жер асты автокөлік өткелін салу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылғы 18 қазан болып белгіленсін.

3. Меншік иесінің жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін немесе мемлекеттік емес жер
пайдаланушыларды ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда қаласының

                  әкімі                                                                     С. Қожаниязов

Дата публикации
18 июля 2024