2025 жылғы 13 сәуірде өткізілген Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 2-тармағына сәйкес және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 13 сәуірдегі Қосшыңырау ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы туралы хаттамасының негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі болып сайланған кандидат С.А.Абдукадировтың және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 12,44 пайызын жинаған кандидат А.Н.Орынбековтың, 7,99 пайызын жинаған кандидат Б.Ж.Баймахановтың сайлау жарнасы қайтарылсын.

2. Осы қаулының орындалуы Қызылорда қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы бас есепші Б.Идирисоваға (келісім бойынша) жүктелсін.

3. Осы қаулы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын және Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің сайлауына қатысқан кандидаттардың назарына жеткізілсін.

        

 

Төраға                                                        Г. Баймурзаев

 

Хатшы                                                       К. Насибеков

 

14.04.2025 жылғы №68 қаулысы

Дата публикации
16 апреля 2025