2025 жылғы 13 сәуірде өткен Қосшыңырау ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы хабар

2025 жылғы 13 сәуірде Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 1727 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1355 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:

Абудкадиров Сейдуали Алайдарович үшін сайлаушылардың 1038 дауысы берілді.

Баймаханов Бердибек Жомартович үшін сайлаушылардың 108 дауысы берілді.

Орынбеков Алмас Нурболатович үшін сайлаушылардың 168 дауысы берілді.

Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 37.

Сайлау қорытындыларымен Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі болып Абдукадиров Сейдуали Алайдарович сайланды, 1980 жылы туған, Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі, Қосшыңырау ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған, «AMANAT» партиясының мүшесі.

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 апреля 2025