Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі
№ 1723 қаулысы
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 28 наурыздағы №01-1/402 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік иесі Дутбаев Алмат Алмасовичке жеке меншік құқығымен табысталған, Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, Ж. Маханбетов ауылы, Қаратабан өңірі,
№100 мекенжайында орналасқан көлемі 35,0 (отыз бес) гектар өзіндік кәсіпкерлікке негізделген шаруа қожалығын жүргізу үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-083-2159) жер учаскесінен қажетті көлемі 14,0 (он төрт) гектар бөлігін Қызылорда қаласының Сол жағалауын сумен қамтамасыз ету үшін Тораңғылдысай жер асты сулары кен орнынан су алу бастоғанын және сорғы сүзу станциясын салу құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 9 шілде болып белгіленсін.
3. Жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының
әкімі Н. Ахатов