«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Қосшыңырау ауылдық округі әкіміне барлығы 4 кандидат ұсынылды. 2025 жылдың 23 наурыз күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-5 бабының 11-тармағы 1) тармақшасына сәйкес тіркеуге негіз болатын құжаттар тізбесін толық ұсынбағандықтан 1 кандидатты тіркеуден бастартылды. 1 кандидат «AMANAT» партиясымен, 2 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған. Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.
Қосшыңырау ауылдық округінің әкіміне кандидаттар:
Абдукадиров Сейдуали Алайдарович – 1980 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласы Қосшынырау ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, Қосшыңырау ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы ұсынған;
Баймаханов Бердибек Жомартович – 1983 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласында тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған;
Орынбеков Алмас Нурболатович – 1984 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының орынбасары, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы