Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкіміне кандидат Жусупов Койшыбай Жалгасовичті тіркеуден бас тарту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 наурыздағы №34 хаттамалық шешімі негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосшыңырау ауылдық округі әкіміне кандидат Жусупов Койшыбай Жалгасовичтің кандидатурасын тіркеуден бас тартылсын.
  2. Осы қаулы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Қалалық сайлау

комиссиясының  төрағасы                                            Г.Баймурзаев

 

Қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы                                             К.Насибеков

 

 

23.03.2025 ж. №34/62 қаулысы

Дата публикации
23 марта 2025