2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің сайлауында кандидат Абдукадиров Сейдуали Алайдаровичтің Қазақстан Республикасының заңнамаларында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы 18 наурыздағы №02-10/438 хатының және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 18 наурыздағы хаттамасы негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосшыңырау ауылдық округі әкіміне кандидат Абдукадиров Сейдуали Алайдаровичтің Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
  2. Осы қаулы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

     Қалалық сайлау

     комиссиясының  төрағасы                                                      Г.Баймурзаев

 

    Қалалық сайлау

    комиссиясының хатшысы                                                       К.Насибеков

 

 

18.03.2025 ж. №28/58 қаулысы

 

 

Дата публикации
18 марта 2025