«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы 18 наурыздағы №02-10/438 хатының және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 18 наурыздағы хаттамасы негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосшыңырау ауылдық округі әкіміне кандидат Орынбеков Алмас Нурболатовичтің Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
2. Осы қаулы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Г.Баймурзаев
Қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы К.Насибеков
18.03.2025 ж. №29/59 қаулысы