Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердибек Жомартовичті тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 18 наурыздағы №27 хаттамалық шешімінің негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Қосшыңырау ауылдық округі әкіміне кандидат болып Баймаханов Бердибек Жомартович тіркелсін.

2. Қосшыңырау ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидатқа тиісті куәлік берілсін.

3. Осы қаулы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын және тіркеу туралы хабарлама «Ақмешіт ақшамы» газетінде жариялансын.

 

Қалалық сайлау

комиссиясының  төрағасы                                            Г. Баймурзаев

 

Қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы                                             К. Насибеков

 

18.03.2025 жылғы №27/57 қаулысы

Дата публикации
18 марта 2025