Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 наурыздағы № 1536 қаулысы

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 наурыздағы

№ 1536 қаулысы

 

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2025 жылғы 11 наурыздағы № 04-06/486 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 Меншік иелерінен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі мекенжайында орналасқан жалпы көлемі 2550,0 (екі мың бес жүз елу) шаршы метр жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті инновациялық шығармашылық орталығының санитарлық-қорғаныш аймағында орналасуына байланысты осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 19маусым болып белгіленсін.
  2. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  3. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     Қызылорда қаласының

              әкімі                                                                       Н. Ахатов

 

№

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының аты-жөні

Көлемі, шаршы метр

Нысаналы мақсаты

құқық түрі

1

10-156-001-4560

«Тұрангаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

 

900,0

стационарлық жанар жағармай станциясы үшін

жеке меншік

2

10-156-001-5186

Абизов Тимур Калабаевич

Абдибаева Галия Асилхановна

 

1650,0

ғимарат құрылысын салу және қызмет көрсету үшін

ортақ бірлескен меншік

 

Барлығы

 

2550,0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 марта 2025