Ақпараттық хабарлама

2025 жылғы 17 наурызда Қызылорда қалалық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, Қосшыңырау ауылдық округі әкімін сайлау бойынша «AMANAT» партиясынан Абдукадиров Сейдуали Алайдаровичтің және өзін-өзі ұсыну тәртібімен Орынбеков Алмас Нурболатовичтің кандидат болып түсу туралы құжаттары тапсырылды.

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы Қосшыңырау ауылдық округі әкімін сайлау бойынша кандидаттың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Қосшыңырау ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 6 наурызынан бастап 18 наурыз (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
17 марта 2025