2025 жылғы 13 наурызда Қызылорда қалалық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттар тапсырылды:
Қосшыңырау ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Баймаханов Бердибек Жомартович.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы Қосшыңырау ауылдық округі әкімін сайлау бойынша кандидаттың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Қосшыңырау ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 6 наурызынан бастап 18 наурыз (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы