Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының хабары

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №18/46 қаулысымен Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі Қосшыңырау ауылдық округі шекарасында құрылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №18/47 қаулысымен өкілеттік мерзімі аяқталған Қосшыңырау ауылдық округінің әкімін сайлау 2025 жылдың 13 сәуіріне тағайындалды.

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №18/47 қаулысымен бекітілген Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 6 наурызында басталады және 2025 жылдың 18 наурызында сағат 18-00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2025 жылдың 6 наурызында басталады және 2025 жылдың 23 наурызында сағат 18-00-де аяқталады.

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:

120014, Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, №21, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдары» МКҚК ғимараты; байланыс телефоны: 27-37-20, электронды поштасы: tic_kzl@saylau.kz

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының құрамы:

Баймурзаев Галым Конакбаевич – комиссия төрағасы, Муханова Алия Муханбеткалиевна – төраға орынбасары, Насибеков Кенес Эрдибекович – комиссия хатшысы, комиссия мүшелері: Куракбаева Кенжегуль Куракбаевна, Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевна, Мүсілімов Жәнібек Исабекұлы, Ыдырысова Мөлдір Сәкенқызы.

Қалалық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-19.00, түскі үзіліс: 13.00-15.00

 

№231 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының «Абай мәдениет Үйі» МКҚК, Қосшыңырау ауылдық округі, Бейбітшілік көшесi, № 12. Телефоны: 8 (7242) 21-31-83

 

№231 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Садыков Аскар Ануарови – төраға, Жусупов Аскар Орманбекович – төраға орынбасары, Жасағанбергенова Гүлзира Әбуқызы – хатшы, комиссия мүшелері: Абдибекова Лайла Советбековна, Жандарбекова Жанар Мухановна, Рахимжанов Алиакбар Абдигаппарович, Есенгалиев Нурбол Есенгалиевич.

№231 учаскелік сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 2025 жылғы 23 наурыздан бастап сағат 09.00-19.00, түскі үзіліс: 13.00-15.00

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 марта 2025