Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалсын.

2. Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы «Ақмешіт ақшамы» газетіне жариялансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

     Қалалық сайлау

     комиссиясының  төрағасы                                                Ғ. Баймырзаев

 

    Қалалық сайлау

    комиссиясының хатшысы                                                К. Насибеков

 

 

05.03.2025 жылғы №18/47 қаулысы

 

 

Дата публикации
05 марта 2025