Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4 - тармағына, 22-бабына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосшыңырау ауылдық округі шекарасында Қосшыңырау ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын.

2. Құрылған сайлау округінің шекарасы мен қалалық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Ақмешіт ақшамы» газетінде жариялансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

   

 

     Қалалық сайлау

     комиссиясының төрағасы                                                Ғ. Баймырзаев

 

    Қалалық сайлау

    комиссиясының хатшысы                                                К. Насибеков

 

 

 

05.03.2025 жылғы №18/46 қаулысы

Дата публикации
05 марта 2025