Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6) тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініштері негізінде Қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. №231 учаскелік сайлау комиссиясынан – Куанышбаева Кенжегуль Жагыппаровна, №232 учаскелік сайлау комиссиясынан – Садыков Аскар Ануарович міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулының көшірмесі Қызылорда қалалық мәслихатына, учаскелік сайлау комиссияларына жолдансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.

 

           Қалалық сайлау

         комиссиясының төрағасы                                       Г. Баймурзаев

 

         Қалалық сайлау

         комиссиясының хатшысы                                       К. Насибеков

 

 

 

 

04.03.2025 ж. №44 қаулысы

 

 

Дата публикации
04 марта 2025