«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 20-бабы, 3- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Жүсіп Мақсат Өмірбекұлының 2025 жылғы 28 ақпандағы өтініші негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Жүсіп Мақсат Өмірбекұлының өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Жүсіп Мақсат Өмірбекұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қызылорда қалалық мәслихатына жолдансын.
3. Осы қаулы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Г.Баймурзаев
Қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы К.Насибеков
28.02.2025 жылғы №17/43 қаулысы